Алмадан дайындалған заманауи ПИРОГ

0
1 389

​Қоспалары қарапайым пирог мәзіріне ұқсағанымен, пісіп шыққан уақытта ерекше екеніне көз жеткізесіз!


Алмадан дайындалған заманауи ПИРОГ


Қажетті қоспалар:

  • 150-170 гр. ұн
  • 2 ас қасық қант
  • 100 гр. сары май
  • 2-3 ас қасық салқын су

Салмасына:

  • 450-500 гр алма немесе қара өрік
  • 3-4 ас қасық ұн
  • 1-2 ас қасық крахмал
  • Бетіне жағуға 1 дана жұмыртқа


Дайындалу тәсілі:

  1. Сары май мен 2 ас қасық қантты асханалық комбайынға салып араластырамыз. Дайын болған қоспаға ұнымызды салып, бір шым-шым тұз қосып жібереміз. Барлығы жақсылап араласуы үшін, бірдей масса шыққанға дейін араластыра береміз. Егерасханалық комбайыныңыз болмаса қолмен араластыруға да болады. Бірақ жылдам араластыру керек. Дайын қоспаға 2 ас қасық салқын суымызды қосамыз да тағы да араластырамыз. Егер қоспада түйіршіктер болсакішкене тағы су қосыңыз. Қамырымызды тоңазытқышқа салып қоямыз. Қамырымыз дайын болғанша салмамызды дайындаймыз.
  2. Алмаларды тазалап жуып, дөңгелектеп турап аламыз.
  3. Туралған алмаларды енді қант пен крахмал араласпасына аунатып алу керек. Себебі крахмал алмадағы шырынды ұстап тұрады. Салмасы дайын болғандықтан, қамырды тоңазытқыштан шығарып, дөңгелектеп жайып аламыз. Осы кезде пешімізді180 гр қойып, қыздырамыз. Қамырды бірден пергамент қағазына жаюға да болады. Содан соң формаға немесе табаға пергамент қағазымен саламыз. Қамыр форманың жан-жағына шығып тұруы тиіс.
  4. Осы қамырға алмаларды жайып салып шығамыз. Ал, жан-жағындағы қамырды қайырып, алманың үстіне қарай жауып, бетіне жұмыртқаның сары уызын жағады. Пирогтың жан-жағы ғана қамырмен жабылады, ортасы ашық қалуы керек.
  5. Пирогтың бетіне сән беру үшін күнжіт, ұнтақталған жаңғақ себелеуге болады. Форманы пешке салып, 35-40 минут ыстық пеште пісіріп аламыз. Өте дәмді әрі ерекше пирогымыз да дайын, ас дәмді болсын!

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қойдың ӨКПЕСІ мен жүрегінен дайындалған ӘСІП