Қойдың ӨКПЕСІ мен жүрегінен дайындалған ӘСІП

0
2 835

Әсіп - қазақтың пайдалы әрі дәмді деликатестерінің бірі. Қазіргі таңда әсіпті "үй шұжығы" деп те айтып жүр. "Үй шұжығының" дайындалуына назар салыңыздар!


Қойдың ӨКПЕСІ мен жүрегінен дайындалған ӘСІП

Қажетті қоспалар:

  • Қойдың өкпесі мен жүрегі тұтастай
  • 300 гр. фарш
  • 150 гр. күріш
  • 1 л су
  • 500 гр. пияз
  • 1 дана сәбіз
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 5-6 тіс сарымсақ
  • 3 м қойдың, сиырдың ішектері.


Дайындау тәсілі:

  1. Ең алдымен ішектерді тазалап жуып, аударып алу қажет. Содан соң өкпені қарапайым суға салып, қайнатып пісіріп аламыз. Суыған соң өкпені турап, еттартқыштан өткізу керек.
  2. Сондай-ақ әсіпке қосылатын жүрек пен сарымсақты да еттартқыштан өткізген дұрыс. Күрішті алдын-ала 10-15 минут жылы суға салып қойыңыз. Артынша қабығы аршылған пияз, сәбізді де еттартқыштан өткізіңіз.
  3. Енді барлық қоспаларды бір ыдысқа салып, фаршты, қосып, дәміне қарай тұз,бұрыш араластырып, дайындап аласыз. 1 литр су қосып, тағы да жақсылап бір араластырып алу керек. Егер су қоспасаңыз, күріш ісінген уақытта ішек жарылып кетуі мүмкін.
  4. Дайын фаршты ішекке салып, содан соң байлап шығу керек. Шамамен әрбір әсіпті 1 қарыстай ұзындықта алып, байлай бересіз. Сонда барлық әсіп біркелкі болып шығады. Әсіпті манты қазанға салып 1,5 сағаттай пісіресіз.


Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Өте әдемі ШЫРША салаты