Қажетті қоспалар:
- 1 кг сиыр еті
- 150 гр. томат тұздығы
- 200 гр. пияз
- 150 гр. сәбіз
- 2 тіс сарымсақ
- 50 мл өсімдік майы
- 10 гр. көк пияз
- Дәміне қарай тұз, бұрыш
- 40 гр. ұн
- 1 л су
Дайындалу тәсілі:
- Сиыр етін салқын сумен тазалап жуып, кептіріп алыңыз. Сосын орташа қалыпта текшелеп турайсыз. Тым майда да, ірі де болып кетпесін.
- Мультипештің қазанына 2-3 ас қасық өсімдік майын құйып, «Қуыру» батырмасын басыңыз. Сосын етті салып, қуырасыз.
- Осылайша етті 15-20 минуттай қуырып аласыз.
- Пияз бен сәбіздің қабығын аршып, тазалап жуып, турау керек. Пиязды жұқалап, ал сәбізді дөңгелектеп тураңыз. Сосын көкөністерді еттің үстіне салып қуырасыз. Азырақ тұз қосып жіберуге болады.
- Қуыруды 4-5 минуттай жалғастырып, 2 ас қасық томат салып, барлығын араластырасыз.
- Барлығы 2-3 минуттай қуырылған соң 800 мл ыстық су құйыңыз. Сөйтіп бір араластырып жіберіп, қақпағын жауып, «бұқтыру» батырмасына ауысып, 40 минутқа қоясыз.
- Ет бұқтырылып жатқанда, табаққа 200 мл салқын су құйып, оған 1 ас қасық ұн қосып, венчикпен жақсылап араластырыңыз. Араласпаға тұз, бұрыш, кептірілген көк пияз бен сарымсақты қосып, араластырып, қазанға құйыңыз. Барлығын тағы да бір араластырып, 20 минуттай бұқтырасыз. Дайын тағамды картоп езбесімен, қайнатылған макаронмен ұсынсаңыз болады.