Қажетті қоспалар:
- 600 гр. сиыр еті
- 4 ас қасық зәйтүн майы
- 2 ас қасық соя соусы
- 2 тіс сарымсақ
- Жалбыз, тимьян
- Ақжелкен
- Дәміне қарай тұз, қара бұрыш
Дайындалу тәсілі:
- Алдымен маринадты дайындап аласыз. Ол үшін өсімдік майы мен зәйтүн майын, соя соусын блендермен бір араластырып аламыз.
- Аскөктерді жуып, кептіріп, блендерге салып, майлармен араластыру керек.
- Сарымсақтың қабығын аршып, майдалап турайсыз. Осылайша туралған сарымсақты блендерге салып, ұнтақталған бұрыш пен дәмдеуіштерді қосып, барлығын блендермен біркелкі болғанша майдалаймыз.
- Дайын маринадты етке жақсылап жағып аласыз. Содан соң етті пакетке салып, бөлме температурасында 1 сағаттай ұстайсыз. Осы уақыт аралығында дәмдеуіштер етке сіңеді. Сосын тоңазытқышқа бірнеше сағат салып қоясыз.
- Табаны қыздырып, етті салып пісіреміз.
- 4-5 минут табаның қақпағын ашып пісіресіз, содан соң екінші бетін аударып, тағы да 7-8 минут пісіресіз. Етті тағы бір аударып, 5-10 минуттай қурырыңыз да, тәрелкеге салып, бетін фольгамен жауып, 10 минут қоя тұрыңыз.
- Енді етті жей беруге болады. Өте дәмді әрі тез дайындалатын стейк кешкі асқа таптырмас тағам болары сөзсіз.
Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Пәкістандық әдіспен дайындалған қатпарлы самса