Тұзды сорпаның дәмі аузыңыздан кетпейді!
Қажетті қоспалар:
- 300 гр. сиыр еті
- 100 гр. сүрленген ет
- 100 гр. қақталған шұжық
- 100 гр. шұжықша
- 3 дана маринадталған қияр
- 1 дана пияз
- 2 ас қасық томат пастасы
- 10 дана зәйтүн
- 1 дана лавр жапырағы
- 5 дана ірі қара бұрыш
- 1 шым-шым тұз, бұрыш
- 1 дана лимон
- 1 бума аскөк
- 1 л су
- 1 ас қасық қаймақ
Дайындалу тәсілі:
- Сиыр етін тазалап жуып, 1,5 л су құйып, отқа қойыңыз. Су қайнаған соң бетіне шыққан көпіргішін алып тастап, лавр жапырағы мен ірі қара бұрышты саласыз.
- Содан соң отты жай қойып, 1,5 сағаттай қайнату керек. Ал, ет піскеннен кейін сүзіп алып, орташа көлемде турайсыз.
- Енді пияздың қабығын аршып, текшелеп турайсыз. Содан соң табаға азырақ май құйып, қыздырып, пиязды қуырасыз. Сарғайған соң текшелеп туралған маринадталған қиярды салып, томатты қосып, орташа отта 5-7 минуттай бұқтырасыз.
- Қақталған шұжықты да, кішкентай шұжықшаларды да текшелеп турау керек. Содан соң қайнап тұрған сорпаға туралған етті, шұжықтарды салып, 15-20 минут жай отта қайнатылады.
- Солянка дайын болуға 5 минуттай уақыт қалғанда зәйтүндерді салып жібересіз.
- Осылайша дайындалған тағамды ыдыстарға құйып, іше беруге болады. Бетіне қаймақ салуды ұмытпаңыз.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: