​Салбурын - саятшылық дәстүрі

0
66

Салбурын - қазақтың көне дәстүрлерінің бірі, негізінен аңшылыққа байланысты қалыптасқан мәдени-әлеуметтік ғұрып.


​Салбурын - саятшылық дәстүрі

фото: egemen.kz

Саятшылықтың ең басты мақсаты елді азық-түлікпен қамтамасыз ету; жастарды батылдыққа, төзімділікке, табиғатты тануға тәрбиелеу; аңшылық өнерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болған.

Аңшылар ит жүгіртіп, бүркіт салып, саятшылық құрады. Бұл дәстүр қазақтың көшпелі өмір салтымен байланысты.

Бүгінде ол дәстүр көнергендіктен, «Салбурын» ұлттық дәстүр ретінде ғана, танымдық-тағылымдық мақсатта этнофестивальдерде, мәдени шараларда, саятшылық өнерін таныту үшін тек қана фестиваль ретінде өткізіледі. Бұл рәсімде тәжірибесі мол аңшылар бірнеше күндік экспедицияға шығады.

Ал саятшылықтың бұл түрі бұрынғы қоғамда өте өзекті және маңызды дәстүрлердің бірі еді.


Салбурын топтасып аңға шығу

Салбурын - бірнеше аңшының топ болып, белгілі бір уақытқа аңға шығуы. Бұл дәстүрдің негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ, бұл жай ғана олжа табу емес, ерлікке, ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейтін дәстүр.

Аңшылар алдын ала келісіп, салбурынға бірге аттанған. Бұл дәстүрдің рухани маңызы салбурын кезінде жол-жоралғылар, бата беру, үлкенге құрмет көрсету сақталған, онда аңшылық тек тамақ табу үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамдық мереке, жастарды тәрбиелеу және табиғатпен үйлесімділікті сақтау үшін маңызды.


фото: kaz.inform.kz

Саятшылықпен байланысты құрал-жабдықтар:

Қыран құс (бүркіт, қаршыға), тазы ит пайдаланылған. Аңшылыққа топтасып шыққандықтан, мұнда жасы да, жасамысы да болады. Сондықтан, саятшылықта тәжірибесі бар аңшылар жастарға өзінің көргені мен түйгенін, саятшылық өнерін үйретеді. Бұл дәстүр жастарға сынақ пен тәжірибе ретінде өмірлік азық. Жас аңшылар үлкендерден үйреніп, өз шеберлігін көрсеткен.

Салбурында бірлік пен тәртіп басты орында, әркімнің өз міндеті болады, сондықтан, әркім өз міндетін дұрыс атқаруға тырысқан. Аңшылықтан түскен олжа да әділ бөлінген.


Салбурын мен саятшылықтың айырмашылығы

Салбурын мен саятшылық - екеуі де аңшылыққа қатысты, бірақ мағынасы мен қолданылуында айырмашылық бар.


Салбурын

Салбурын - бұл аңшылыққа топ болып шығу дәстүрі. Ерекшеліктері: бірнеше аңшы бірігіп, белгілі уақытқа аңға шығады. Ұйымдастыру, тәртіп, өзара көмек маңызды роль атқарады. Аңшылық әлеуметтік дәстүр ретінде көрінеді. Олжа ортақ, әділ бөлінеді. Яғни, Салбурын - оқиға, жоралғы, дәстүр.


Саятшылық

Саятшылық - бұл аң аулау өнері мен жеке шеберлік. Мұнда аң аулаудың тәсілдері басты назарға алынады. Жеке аңшының тәжірибесі мен ептілігі маңызды. Саятшылықты ұзақ жылдар бойы үйренуді талап етеді. Қысқаша айтқанда, саятшылық - өнер, кәсіп, шеберлік.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Жаңа туған сәбиге жасалатын салттар

Құдалықтың алғашқы кездесуінде «СҰРАУ» салты орындалады