​«ТАБАЛДЫРЫҚ АТТАУ» дәстүрі көнерді ме?

0
3 472

Құдаларға деген құрмет табалдырықтан басталады.


​«ТАБАЛДЫРЫҚ АТТАУ» дәстүрі көнерді ме?

фото: elana.kz

Қазақтың ұлттық дәстүрлері бала дүниеге келген сәттен бастап, әр кезеңнің өзіне сай жөн-жоралғылары, дәстүрлерімен жалғасады.

Құрсақ шашудан бастап, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, үйлену той деп жалғасып кете береді.

Соның ішінде адам өміріндегі ең айтулы және жауапкершілігі мол дәстүрлердің бірі әрине, құда түсу, сырға салу, ұзату және үйлену тойлары. Осы тойлардың төңірегінде құдалықтың жоралғылары орындалады.

Ұл жақтың адамдары қыз жаққа құда түсе келгенде, қыздың жеңгелері құдаларды үйге кіргізбей табалдырық аттатпай тосып алады да, «табалдырықаттар бер» деп кәде сұрайды. Дайындалып келген құдалар көйлек-көншек, не ақша беріп, табалдырық кәдесін өтеп барып үйге кіреді, төрге шығады. Оны қазақ кәдесінде «табалдырық аттау» деп атайды.

Қазақта «табалдырықтан артық тау жоқ, кәдесін өтемесең одан асқан дау жоқ, жеңгеден озған жау жоқ» деп қалжың айтып кәде өтеп үйге кіруді жақсы салт, танысудың сыры, кісі сынаудың сыны еткен.

Қазақта «табалдырықта бақ тұрады» табалдырықты құрметтемеген бағынан айырылады, «табалдырықтың екі жағында тұрып қол алыспайды, ондай жерде жау болатын адамдар ғана алысады» деп санайды.

фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Қазіргі күнде құдалардың алдынан тосып, табалдырықтан ішке енгізбей тұрып «табалдырық аттау» ғұрпын орындап, кәдесін сұрап жүрген жеңгелерді кездестірмейсіз. Құдалардың алдынан тосып, табалдырық алдында күттіріп қоюды ұят санайтын халге жеттік. Анығында "табалдырық аттау" ғұрпын орындап, кәдесін алу құдалықтың бастамасы. «Таудай биік» табалдырықты құрметтеген жаңа құдалар да қазақтың ежелден келе жатқан бұл дәстүрін құрметтеуге тиіс.

Ақ ниетпен алғаш рет құдалардың табалдырығын аттағалы тұрған жаңа құдаларға да бұл үлкен құрметтің белгісі. Ендеше, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан құндылықтарын төмендетпей, керісінше ұлықтай білейік!

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АҚТЫҚ САПАРға шығарып салудың жөнін білеміз бе?


ЖЕТІ ШЕЛПЕКті неге ЖҰМА күні пісірген дұрыс?