​Дәрігер МЫНА жемістерді АС МӘЗІРІНЕ қосу керектігін айтты

0
4 090

Шымкент қалалық №11 емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Сарсенова Зарина Сембекқызы күз айларында тамақтану рацоионына осы жемістерді міндетті түрде қосуды ұсынады.


​Дәрігер МЫНА жемістерді АС МӘЗІРІНЕ қосу керектігін айтты

Күз мезгілінде ағзаны түрлі дәрумендермен қанықтырып, нәрлендіре түскен дұрыс. Себебі алда қылышын сүйретіп қыс келеді. Қыста ағза әлсіреп, күн суығанда көбірек энергия жұмсайды. Ал біздің ағзамыз осындай мезгілге дайын болуы керек.

Дәрігердің айтуынша бұл жемістер ағзаға қуат беріп, организмді қажетті минералдармен, дәрумендермен толықтырады.

Күзгі жемістердің бұдан да көп пайдасын ары қарай оқысаңыз, білесіз!


Бірінші жеміс – АЛМА


Алманы кімдерге жеуге болмайды? Ең алдымен осыған тоқталып өтсек. Алманың пайдасы орасан зор, дегенмен асқазан-ішек жолдары ауруларында, асқазан сөлі жоғары болғанда, гастрит және басқа да аурулар кезінде алманы жеу шектеледі. Дәрігермен кеңескеннен кейін тәтті сұрпын емес, қышқыл алманы жеуге рұқсат беруі мүмкін. Бұл жағы ауру түріне байланысты тағайындалады.

Алма тәнімізге күш-қуат сыйлап, ағзаның түрлі вирустармен, түрлі аурулармен күресуіне септігін тигізеді. Халық арасында «Кім алманы күн сайын жейді, сол дәрігерге жүгінбейді» деген мәтел де бекерден-бекер тарамаса керек. Себебі, алма жоғарыда айтып өткенімдей көп аурулардың алдын алып, тіпті, өкпе ауруларын да болдырмайтын қасиетке ие.

Алманы диетологтар мен дәрігерлер дұрыс тамақтану кезіндегі ас мәзіріне ойланбай қоса алады. Оның құрамы А, С, Е, Р және В тобындағы дәрумендер мен минералды заттарға бай.


Екінші жеміс – БАНАН

Банан магний мен калийге, кальций элементіне бай ең пайдалы жеміс болып табылады. Банан асқорытуды жақсартып, қыжылды басуға көмектесетін жеміс. Сонымен қатар, бананның балаларда да, ересектерде де аллергия тудырмайтын керемет қасиеті бар. Оның бойындағы С және В тобындағы дәрумендер ағзаның дәрумендік теңгерімін реттеп, басқа минералды заттар зат алмасуды қалыпқа келтіріп отырады. Айта берсек, бананның пайдасы өте көп. Тырнақ пен шаштың саулығын арттырғыңыз келсе де банан жеңіз.


Үшінші жеміс – ЖҮЗІМ


Күз мезгілінде пісіп-жетілетін ең дәмді әрі пайдалы жеміс ЖҮЗІМ екені белгілі. Жүзімді бұл уақытта сүйсініп жемейтін жан жоқ шығар. Жүзім жеудің тағы бір себебі – аталмыш жеміс барлық жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады. Сондықтан да дәл қазір жүзім жеуді қолға алыңыз. Жүзім тісті ағартып, Альцгеймер ауруының пайда болуына қарсы тұрады. Ал, оның қара түсті сұрпы бактерияға қарсы күшті құрал болып табылапды.


Төртінші жеміс – ҚҰЛПЫНАЙ

Құлпынай өте дәмді әрі хош иісті нәзік жемістердің бірі. Құлпынайды жеген жанның көңілі көтеріліп, жайдары кейіпке енетіні сөзсіз. Себебі бұл жидек те пайдалы ақуыздарға, көмірсулар мен майларға, минералды заттарға, қажетті дәрумендерге бай. Құлпынайда йод, магний, мырыш, калий, фолий қышқылы, С және К дәрумендері бар ең керемет жидек екені даусыз. Құлпынай қаназдықты қалпына келтіріп, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартып, қан қысымын түсіреді. Бұдан бөлек бактерияға, қабынуға қарсы қасиеті де жоқ емес.


Бесінші жеміс – МҮКЖИДЕК

Мүкжидек те жаз-күз айларындағы ең пайдалы жеміс-жидектердің бірі. Егер мүкжидекті күн сайын өз рационыңызға қосатын болсаңыз, жүрек жұмысы жақсарып, артриттің пайда болуына жол бермейді. Әсіресе демікпесі барларға осы жидекті жеген аса пайдалы. Өйткені мүкжидек тыныс алуды қалыпқа келтіріп, тыныс алу жолдарындағы ауырсынуды, жиырылуды жояды.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мына азық-түліктер ағзаны ТЕЗ ҚАРТАЙТАДЫ


Қарындағы майды кетіретін 3 ЛАЙФХАК