Пернетақтамен жұмыс істеу ОП-ОҢАЙ: құпиясын БІЛІП АЛҒЫҢЫЗ келе ме?

0
26 492

Қазіргі заманауи технологиялар заманында компьютерсіз жұмыс істеуді елестете алмаймыз. Ал Сіз өзіңіз қолданатын пернетақтаның пайдалы құпияларын білесіз бе?


Пернетақтамен жұмыс істеу ОП-ОҢАЙ: құпиясын БІЛІП АЛҒЫҢЫЗ келе ме?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген мақалаларды немесе қандай да бір бағдарламаны орнату нұсқаулығын оқығанда, пернелер комбинациясын кездестіруге болады (мысалы: Ctrl-C, Ctrl-V, Win-R, Alt-Tab, Alt-F4 және т.б.). Егер Сіз әлі күнге дейін олар жайлы білмесеңіз, онда біздің мақалада таныса аласыз. Оларды қолдану өте пайдалы әрі оңай.


Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қатысты келесідей топтарға бөлінеді:

Енгізу пернелері (алфавиттік-цифрлық) – мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер.

Басқару пернелері – бұл пернелер жеке немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне және ESC қолданылады.

Функционалдық пернелер – арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12-ге дейінгі пернелер тізбегінен тұрады.

Орын ауыстыру пернелері – бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және мәтінді түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер, сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN, DELETE және INSERT пернелері жатады.

Сандық пернетақта – бұл бөлім сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес жинақталған.


Енді, әр топтың қызметіне ЖЕКЕ әрі НАҚТЫ тоқталайық:

Енгізу пернелері

Деректерді енгізу пернелеріне негізгі алфавиттік-цифрлық және символдық пернелер, сондай-ақ төмендегідей пернелер енеді:

CAPS LOCK – бір рет басу арқылы бас әріптерді енгізу режиміне көшеміз, ал екінші рет басқан кезде ол қасиеті өшіріледі;

SHIFT – бас әріптерді енгізу үшін;

TAB – курсорды бірнеше бос орынға (абзац) жылжыту үшін;

ENTER – жаңа жолға өту үшін;

БОС ОРЫН – курсорды бір бос орынға жылжыту үшін;

BACKSPACE – курсордың алдындағы символды немесе белгіленген тексті өшіру үшін қолданады.


Функционалдық пернелер

F1 — анықтаманы шақыру;

F2 – белгіленген элементтің атын өзгерту;

F3 – файл немесе бумаларды іздеу;

F4 – Windows жетектегішінде (проводник) адрестік жолдар тізімін көрсету;

F5 – белсенді терезені жаңарту (обновить);

F6 – жұмыс үстелі немесе терезе экранындағы элементтер арасында жылжу;

F7 дұрыс жазу (Правописание);

F8 – ерекшелеу;

F9 – ерекшеленген өрістерді жаңарту;

F10 – ағымдағы бағдарлама мәзірі жолына көшіп, белсенді ету;

F11 – белсенді терезені үлкейту және кішірейту;

F12 – құжатты сақтау сұхбаттық терезесін ашу.


Орын ауыстыру пернелері

Бұлар құжат ішінде немесе мәтінді түзету кезінде курсорды оңға, солға, алға, артқа жылжыту үшін қолданылады.

HOME – курсорды жолдың басына апарады;

END – курсорды жолдың соңына апарады;

CTRL+HOME – құжаттың басына ауысу;

CTRL+END – құжаттың cоңына ауысу;

PG UP – курсорды немесе бетті бір экран жоғары көтереді;

PG DN – курсорды немесе бетті бір экран төмен түсіреді;

DELETE – курсордан кейінгі символды немесе белгіленген тексті өшіреді, ал Windows-та белгіленген элементті жою немесе себетке (корзина) орналастыру үшін қолданылады. INSERT – қою режимін қосу/өшіру үшін қолданылады.


Сандық пернетақта


Цифрлық пернетақта 0-ден 9-ға дейінгі сандардан, +(қосу), -(алу), *(көбейту), /(бөлу), сондай-ақ, ондық бөлшектік үтірден тұрады. Бұл символдар басқа пернелерде орналасқан болса да, цифрлық пернетақтада сандарды және математикалық амалдарды тез, бір қолмен енгізу мүмкіндігін сыйлайды. Цифрлық пернетақта NUM LOCK пернесі арқылы қосылып/өшіріліп отырады. Егер, NUM LOCK өшірілуі болса, цифрлық пернетақта орын ауыстыру пернелері ретінде қолданылады.


Үш негізгі қосымша пернелер

PRTSCN ( PRINT SCREEN) – экран бетін суретке түсіріп, оны компьютер жадысындағы алмасу буферіне көшіреді. Оны Microsoft Paint немесе басқа бағдарламаға сурет ретінде қойып, сол бағдарлама арқылы баспаға беруге болады. (Орындалатын әрекеттер: Alt+PrintScreenбелсенді болып тұрған терезені ғана суретке түсіреді, ал Shift+PrintScreenэкранды баспаға береді.)

SCRLK (SCROLL LOCK) – бұл пернені басу көптеген бағдарламаларға әсер етпейді. Бірақ, кейбір бағдарламаларда оны басу бағыттауыш пернелер – PAGE UP және PAGE DOWN әрекетін өзгертеді.

PAUSE/BREAK – бұл перне көп қолданыла бермейді. Кейбір ескі бағдарламаларда бұл пернені басу бағдарламаны тоқтатады немесе CTRL–мен бірге басу оның орындалуын тоқтатады.


Ең негізгі пернелер жиынтығы


SHIFT+CTRL,SHIFT+ALT – пернетақтадағы әріптерді (қазақша, орысша, ағылшынша және т.б.) өзгерту;

CTRL+C – белгіленген элементті көшіру (копировать);

CTRL+X – белгіленген элементті қиып алу (вырезать);

CTRL+V – белгіленген элементті қою (вставить);

CTRL+Z – әрекетті кері қайтару;

CTRL+Y – әрекетті қайталау;

CTRL+S – ағымдағы файлды немесе құжатты сақтау;

DELETE – белгіленген элементті жойып, себетке(корзина) орналастыру;

SHIFT+DELETE – белгіленген элементті себетке орналастырмастан жою;

CTRL + оң жақ бағыттауыш (→) – курсорды келесі сөздің басына орналастыру;

CTRL + сол жақ бағыттауыш (←) – курсорды алдыңғы сөздің басына орналастыру; CTRL + төмен жақ бағыттауыш (↓) – курсорды келесі абзацтың басына орналастыру; CTRL + жоғарғы жақ бағыттауыш (↑)—курсорды алдыңғы абзацтың басына орналастыру;

CTRL+SHIFT + бағытшалары бар пернелер – мәтін фрагменттерін белгілеу;

SHIFT + бағытшалары бар кез-келген перне – жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше элементтерді және құжатта мәтінді белгілеу;

CTRL + бағытшалары бар кез-келген перне + БОС ОРЫН (пробел) – жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше жеке элементтерді белгілеу;

CTRL басып тұрып, тышқан көрсеткіші арқылы таңдау – бірнеше элементтерді еркін түрде таңдау;

SHIFT басып тұрып, тышқан көрсеткіші арқылы таңдау – бірнеше элементтерді жалпы таңдау;

CTRL+A – терезедегі немесе құжаттағы барлық элементтерді белгілеу;

ALT+F4, CTRL+W – ағымдағы терезені жабу немесе белсенді болып тұрған бағдарламадан шығу;

ALT + БОС ОРЫН – белсенді болып тұрған терезенінің қосымша мәзірін ашу;

CTRL+F4 – белсенді болып тұрған құжатты жабу(біруақытта бірнеше құжаттарды ашатын бағдарламаларда қолданылады);

ALT+TAB – бір элементтен келесі элементке көшу;

CTRL+ALT+TAB — бағыттауыш пернелерді қолдану арқылы бір элементтен басқа элементке көшу;

CTRL + тышқанның айналма жүгірткіші – жұмыс үстеліндегі белгішелер өлшемін өзгерту;

ALT+ESC – элементтерді ашылған реті бойынша циклді түрде ашып, алмастыру; SHIFT+F10 – белгіленген элементтің қосымша мәзірін ашу;

CTRL+ESC – «Пуск» мәзірін ашу;

ESC – ағымдағы тапсырманы кері қайтару;

CTRL+SHIFT+ESC, CTRL+ ALT+ DELETE – тапсырмалар диспетчерін ашу;

Компакт-дискті қойған кезде SHIFT пернесін басу – компакт-дискіні автоматты түрде ойнату режиміне көшу.


Windows белгісі бар пернемен бірге басылатын пернелер жиынтығы



Windows белгісі бар перне – «Бастау»(«Пуск») мәзірін ашу және жабу;

Windows +PAUSE – операциялық жүйенің қасиеттері туралы терезені ашу;

Windows+D – жұмыс үстелін көрсету;

Windows+M – барлық терезелерді жинақтау(Свертывание);

Windows+SHIFT+M – жұмыс үстеліндегі барлық жинақталған терезелерді қалпына келтіру;

Windows+E – «Менің компьютерім» белгісінашу;

Windows+F – файлдар мен бумаларды іздеу;

CTRL+ Windows +F – компьютерлерді іздеу (желіге қосылған жағдайда);

Windows+L – компьютерді құлыптау немесе қолданушыларды алмастыру;

Windows+R – «Орындау» сұхбат терезесін ашу;

Windows+U – арнайы мүмкіндіктер орталығын ашу;


Windows жетектегішінде бірге басылатын пернелер жиынтығы

Төменде Windows жетектегішінде бумалармен, терезелермен жұмыс істеуде қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген:

CTRL+N – жаңа терезе ашу;

CTRL+SHIFT+N – жаңа бума құру;

END – белсенді терезенің төменгі жағына көшу;

HOME – белсенді терезенің жоғарғы жағына көшу;

ALT+ENTER – белгіленген элементтің қасиеті туралы сұхбат терезені ашу;

ALT + «←» — алдыңғы буманы қарап шығу;

ALT +«→» — кейінгі буманы қарап шығу;

CTRL+E – іздеу жолын таңдау;

Win+Shift+әріптер – басылған әріптен басталатын бума немесе файлды белгілеу;

Shift+Enter – белгіленген буманы жаңа терезеде ашу;


Символдарды түзету


CTRL+SHIFT+F – қаріпті таңдау;

CTRL+SHIFT+P – қаріп өлшемін таңдау;

CTRL+D – қаріпті өзгерту терезесін ашу;

SHIFT+F3 – әріптер регистрін өзгерту;

CTRL+B – символдарды қалың қаріппен (жирный) жазу;

CTRL+U – символдарды асты сызылған ұаріппен (подчеркнутый) жазу;

CTRL+SHIFT+W – символдардың астын сызу, бірақ бос орындар сызылмайды;

CTRL+SHIFT+D – символдардыңастын екі сызықпен сызу;

CTRL+SHIFT+H – жасырын мәтінге айналдыру;

CTRL+I – символдарды курсивті қаріппен жазу;

CTRL+SHIFT+K – барлық әріптерді кіші әріппен жазу немесе бұрынғы қалпына келтіру;

CTRL+«=» — жоғарғы индекске айналдыру;

CTRL+ПРОБЕЛ – белгіленген символдардан қосымша форматтауды алып тастау;

CTRL+SHIFT+Q – белгіленген символдарды Symbolшрифтімен форматтау;

SHIFT+F1 – символдар форматтары туралы ақпаратты шығару;

CTRL+SHIFT+C – форматтауды көшіру;

CTRL+SHIFT+V – форматтауды қою.


Абзацтарды форматтау

CTRL+0 – ағымдағы абзацтағы мәтінді бір жол төмен түсіру немесе қалпына келтіру;

CTRL+E – абзацты ортасы бойынша(по центру) түзету;

CTRL+J – абзацты ені бойынша(по ширине) түзету;

CTRL+L – абзацты сол жақ бойынша(по левому краю) түзету;

CTRL+R – абзацты оң жақ бойынша(по правому краю) түзету;

CTRL+M – сол жақтан шегініс(бос орын) тастау;

CTRL+SHIFT+M – сол жақтағы шегіністі(бос орын)жою;

CTRL+T – аралық (выступ) тастау;

CTRL+SHIFT+T – аралықты азайту;

CTRL+Q – белгіленген абзацтардан қосымшаформаттауды алап тастау;

CTRL+SHIFT+S – стильді қолдану;

CTRL+SHIFT+N – «Обычный»стилін қолдану;

CTRL+SHIFT+L –«Список»стилін қолдану;


Құжаттармен жұмыс істеу

CTRL+N – жаңа құжат құру;

CTRL+O – құжаттарды ашу;

CTRL+W, CTRL+F4 – құжаттарды жабу;

ALT+CTRL+S – құжат терезесін бөлу;

CTRL+S, SHIFT+F12 – құжатты сақтау;

CTRL+P – құжатты баспаға беру.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Заманауи гаджеттер топтамасы: 2000 түрлі ас әзірлейтін робот пайда болды


Ата-ана баласының интернетте НЕ ІСТЕП отырғанын қалай БАҚЫЛАЙ алады?