1 шілдеден бастап қазақстандықтар төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотека ала алады

0
112

Қазір ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме жылдық 25% деңгейінде.


1 шілдеден бастап қазақстандықтар төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотека ала алады

ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотекаға бастапқы жарна ретінде 30%-дан көп төлеген қазақстандықтар 1 шілдеден бастап төменірек мөлшерлеме алатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Қазір ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме жылдық 25% деңгейінде. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оны 20%-ға дейін төмендетуге бірнеше рет тырысқан.

"Біз банктермен және агенттікпен жұмысты жалғастырып жатырмыз. Өйткені бұл тек Ұлттық банктің шешімі емес. 1 шілдеден бастап екі мөлшерлеме болады: 25% және 20%. Қарапайым түрде айтсақ: егер бастапқы жарна 30%-дан асса, ең жоғары мөлшерлеме 20% болады. Ал егер 30%-дан аз болса, мөлшерлеме 25%-дан аспауы тиіс", – деді ол.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша техникалық жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Сүлейменов мамыр айында тиісті шешімнің жобасы жарияланатынын хабарлады.