10 күн бойы іздеуде болған теміртаулық қыз Нұр-Сұлтаннан табылды

0
1 144

Оның үлкен мегаполисте он күн бойы не істегенін туыстары білмейді.


10 күн бойы іздеуде болған теміртаулық қыз Нұр-Сұлтаннан табылды

ERNUR.KZ. Теміртау қаласының полицейлері мен еріктілері кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қызды он күн іздеді. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан табылды деп жазады nur.kz.

Кәмелетке толмаған қыз Теміртауда итпен серуендеп келуге шыққан, алайда үйге тек қарғы бауы салақтап тұрған жануар ғана оралыпты.

17 жастағы Алмагүл Есімқұлова ата-анасына 10 күн өткеннен кейін қоңырау шалған. Ол әкесінен өзін Нұр-Сұлтаннан алып кетуін сұрайды.

Оның үлкен мегаполисте он күн бойы не істегенін туыстары білмейді.

"Қазір біз де, полиция да жайсыздық тудырып алмау үшін ол қызға артық сұрақ қоймаймыз", - деп хабарлады Rina.kz еріктілер қозғалысының еріктілері.

Аталған жағдайға ювеналды полиция мен психологтар тартылды, олар отбасындағы моральдық-психологиялық жағдайды анықтап, жасөспірім қызды не мазалауы мүмкін екенін анықтауға тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, Алмагүл Есімқұлова 24 маусым күні түнде жоғалып кетті.

Ол серуендеп келу үшін үйінен шығып, қайта оралмаған. Жасөспірімнің анасы полицияға жүгінді.