1000 теңгеліктер қабылданбайды

0
3 767

2​018 жылдың 1 наурызынан бастап екінші деңгейлі банктер 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айырбастауды тоқтатады, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.


1000 теңгеліктер қабылданбайды

2018 жылдың 1 наурызынан бастап екінші деңгейлі банктер 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айырбастауды тоқтатады, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ескі үлгідегі банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында 2021 жылдың 28 ақпанына дейін айырбастауға болады. Ал, айналымдағы номиналы 1000 теңгелік естелік банкноттар заңды төлем құралы болып саналады.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", — делінген хабарламада.