11 бала ауырып жатыр: Қазақстандағы Кавасаки синдромымен ауырған балалар жайлы белгілі болды

0
1 385

Қазір коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауыратын балаларға 14 күннен бір айға дейін Кавасаки синдромына ұқсас көп жүйелі ауру синдромы тіркеліп жатыр.


11 бала ауырып жатыр: Қазақстандағы Кавасаки синдромымен ауырған балалар жайлы белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда барлығы 11 бала кавасаки синдромымен ауырып жатыр, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті. Оның сөзінше, балалардың барлығында Кавасаки синдромы дәлелденбеген.


"Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауыратын балаларға 14 күннен бір айға дейін Кавасаки синдромына ұқсас көп жүйелі ауру синдромы тіркеліп жатыр. Өткен аптада Қазақстанда тек қана үш бала тіркелген болатын. Қазіргі уақытта Кавасаки синдромы және Кавасаки синдромына ұқсас 11 бала тіркелді. Клиникалық белгілері бойынша бұл індетпен тек қана бес жасқа толмаған балалар ауырады. Ал 11 бала тіркелдік дедік қой, оның үшеуі Нұр-сқлтан қаласында жазылып шықты. Тағы басқа балалар Ақтөбеде, Қарағандыда, Алматыда. Олардың екеуі 5 жасқа дейінгі балалар. Ал қалғандары 9-18 жас аралығындағы балалар", - деп түсіндірді Қожахметов.


Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 7 баланың Кавасаки синдромымен ауырғаны белгілі болған.