13 жасар бала Қазақстанның үздік бүркітшісі атанды

0
2 793


13 жасар бала Қазақстанның үздік бүркітшісі атанды

фото:Sputnik.

"Қыран–2018" республикалық байқауына Алматы облысынан қатысқан 13 жасар Бексұлтан Сейітжан барлық кезеңде ең көп ұпай жинап, үздік бүркітші атанды. Sputnik.

Бірінші орын алған Бексұлтан Сейітжанға 200 мың теңге берілді.

"Маған жарыс ұнады. Маған жеңіс әкелген "Хан тәңіріне" рахмет айтамын. Бүгін біз үздік болдық. Бүркітімді бес жылдан бері баптап келемін. Қазір 13 жастамын. Басқа да жарыстарға қатысқым келеді", — дейді Бексұлтан Сейітжан.

Екінші орынға Ғабит Танат ие болды, ол 150 мың теңге алды. Үшінші орынды Мұратхан Дәулетхан жеңіп алды, сыйақы – 100 мың теңге.