19 жастағы Мадинаның өлімі: Жамбыл облысының полициясы істің жабылғаны туралы ақпаратқа жауап берді

0
139

Мадинаның ісі бұған дейін өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша тергеліп жатқан.


19 жастағы Мадинаның өлімі: Жамбыл облысының полициясы істің жабылғаны туралы ақпаратқа жауап берді

Фото: Желі кадрларынан скрин

ERNUR.KZ. Желіде 19 жасында белгісіз себептермен қаза тапқан Мадина Рашидқызына қатысты істің тоқтағаны туралы ақпарат тарауда, деп жазады stan.kz.


Желіде Мадинаның ісі жабылды деген ақпарат тарап жұртшылық алаңдаушылық білдірді.

“Мадинаның ісі жабылып қалған ба? Резонанс осымен бітті ме сонда?”, – деп жазды желі қолданушысы.

Көпшілік бұл посттың астында қызу талқылап, істің жабылды дегеніне наразылық білдірді.

“Әділдік жоқ екені сондай өкінішті. Ал қылмыскер болса, бостандықта емін-еркін өмірдің қызығын көріп жүр”, “Ақнәр деген қыздың да осылай ісі жабылып қала салды. Өкінішті адамдар айтады қояды. Кім мықты сол жеңетін заман болып тұр”, “Не сұмдық? Мысық емес, адам өлді ғой. Іс неге жабылады?", "Бәлкім үндемес үшін әрекеттер жасалып жатқан шығар. Бар болғаны осы", "Күйеуін ұстап, неге осы уақытқа дейін тергеуге алмай отыр? Полиция бұл жерде жұмыс істемей отыр ғой", – деп жазды жұртшылық.

“Бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмейміз. Іс жабылмады, тергеу жалғасып жатыр”, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мадинаның ісі бұған дейін өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша тергеліп жатқан. Полиция тергеудің әлі де осы баппен жалғасып жатқанын алға тартты.

Тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.