2 мыңға жуық шетелдік Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп келген

0
511

Ресми өкілдің атап өтуінше, операцияның алғашқы аптасының нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 6 836 құқық бұзушы анықталды.


2 мыңға жуық шетелдік Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп келген

ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«Қазақстанда шетелдіктердің болу тәртібін қамтамасыз ету мен көші-қон заңнамасын бұзушылықтың алдын-алу мақсатында мемлекетімізде 20 ақпаннан бастап «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Полиция шетелдіктердің тұратын мекенжайлары, құрылыс объектілері, нарықтар, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексеруде», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, операцияның алғашқы аптасының нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 6 836 құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде 1 814 шетелдіктің мемлекетте болу тәртібін бұзуы, 1 886 шетелдіктің заңсыз жұмыс жасап жатқан фактілері мен 356 заңсыз жұмыс күшін пайдалану фактілері анықталды.

«Полиция шетелдіктердің келуі туралы хабарламаны уақытылы жолдамаған 2 727 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекетіміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 514 шетелдік Қазақстан Республикасынан тыс шығарылды. Оның ішінде 130 шетелдік мәжбүрлі түрде тыс шығарылды. Барлық шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келуіне 5 жылға дейін тыйым салынған», - деді Ш.Тұрлыбек.