Жылқы еті, ет өнімдері – 1,9%-ға, сиыр еті – 1,7%, шұжық бағасы – 1,5% қымбаттаған.
Ағымдағы жылдың басынан жаңа жиналған көкөністер бағасы – 14,3%, картоп – 6,9%, жаңадан жиналған жемістер – 6,8%, консервіленген сүт – 3,5%, мәйекті ірімшік – 2,9%, қышқыл сүт өнімдері– 2,8%-ға, жаңа сауылған сүт пен кофе – 2,5%, сары май 2,4%, сүзбе – 2,1%-ға өскен,-деп хабарайды ERNUR.KZ economy.gov.kz-қа сілтеме жасап.
Жылқы еті, ет өнімдері – 1,9%-ға, сиыр еті – 1,7%, шұжық бағасы – 1,5% қымбаттаған.
Автомобиль – 1,9%, фармацевтикалық өнімдерге – 1,8%, жеке қолданатын тауарларға – 1,7%, тұрмыстық аспаптарға – 1,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 1,4%, тоқыма бұйымдарына – 1,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,1%-ға, киім және аяқ киімге, кітаптарға 1%-дан құрады. Бензин – 2,2%, баллондағы сұйытылған газ – 1,7%, дизель отыны – 1,3%, тас көмір 0,5%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға, ыстық суға – 3,5%-дан, электрэнергиясына – 3,4%, қоқыс шығаруға – 3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,9%, суық суға – 0,9%, кәрізге 0,8%-ға жоғарылады.