2020 жылға көлік салығын қашанға дейін төлеу керек

0
2 419

Мемлекеттік кірістер комитеті kgd.gov.kz порталының «Электрондық қызметтер» бөлімінде салық берешегінің болмауы (болуы) туралы ақпаратты көруге болады.


2020 жылға көлік салығын қашанға дейін төлеу керек

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті автокөлік иелері үшін көлік салығын төлеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитеті kgd.gov.kz порталының «Электрондық қызметтер» бөлімінде салық берешегінің болмауы (болуы) туралы ақпаратты көруге болады және E-SalyqAzamat мобильді қосымшасында (AppStore және PlayMarket жүктеу) да мұндай қызмет түрі бар.

Ал жеке тұлғалар 2020 жылға көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуі тиіс.


«Сіз Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бөлімінде орналастырылған «Калькулятор» қызметін және E-SalyqAzamat қызметін пайдаланып көлік салығын есептей аласыз», - деп атап өтеді ведомстводан.