Өз кезегінде жарнама агенттіктері көрсеткен қызметтер көлемі 185 млрд теңгені, БАҚ-та жарнама орналастыру қызметінің көлемі 7,3 млрд теңгені құрады.
ERNUR.KZ. Қазақстанда жарнама саласында көрсетілген қызметтер төмендеді, деп жазады ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы көрсетілген қызмет көлемі 228,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға аз.
Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматыда болды. Мәселен, өткен жылдың 9 айында қалада 169,8 млрд теңгенің қызметі көрсетілді. Екінші орында Астана, онда 25,7 млрд теңгеге жарнама қызметі көрсетілді. Үшінші орында — Қарағанды облысы, мұнда қызметтің бұл түрі 12,8 млрд теңгеге көрсетілді.
Өз кезегінде жарнама агенттіктері көрсеткен қызметтер көлемі 185 млрд теңгені, БАҚ-та жарнама орналастыру қызметінің көлемі 7,3 млрд теңгені құрады.