Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2023 жылдан бастап Президенттің, Парламент пен үкіметтің барлық негізгі саяси институты қайта іске қосылады және жаңартылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Биыл Президент сайлауы, келесі жылы - Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы болады. Содан кейін үкімет жасақталады", - деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2023 жылдан бастап Президенттің, Парламент пен үкіметтің барлық негізгі саяси институты қайта іске қосылады және жаңартылады.