2025 жылға дейін Қазақстанда 2 млрд түп ағаш егілмек

0
952

Елдімекендерге 15 миллион ағаш егіледі.


2025 жылға дейін Қазақстанда 2 млрд түп ағаш егілмек

ERNUR.KZ. Қазақстандағы биоалуандылықты қорғау үшін 2025 жылға дейін ормандардың айналасына 2 млрд ағаш егіледі. Бұл туралы Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Мемлекет басшысының жолдауында экология мен биоалуандылыққа бір блок арналды. Сондықтан 2025 жылға дейін орман қоры үшін 2 млрд ағаш егіледі. Ал елдімекендерде 15 млн ағаш отырғызу жоспарланып отыр», - деп хабарлады Роман Скляр.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласын қоршап тұрған жасыл белдеудің ұзындығы 88 мың шақырымға жеткен. Роман Скляр жасыл белдеу жобасын дамыту үшін оның ұзындығын 2023 жылға қарай 100 мың шақырымға жеткіземіз дейді.