2025 жылы оқушыларды тегін тамақтандыруға 15 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

0
105

2025 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 953 мың бала тегін тамақпен қамтылған.


2025 жылы оқушыларды тегін тамақтандыруға 15 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

Фото: Министерство просвещения РК

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға жауап бере отырып, мектеп оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп жазады zakon.kz.

Оның мәліметінше, 2025 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 953 мың бала тегін тамақпен қамтылған.

"Олардың 67 мыңы – әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы отбасылардың балалары. Тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 15,4 млрд теңге бөлінді", – делінген жауапта.

Министр сондай-ақ білім беру ұйымдарында Тамақтану стандартына сәйкес балалардың жас ерекшелігі, калориясы мен маусымдылығы ескерілген перспективалық үлгілік мәзір бекітілгенін еске салды.

Стандартқа сәйкес қанттың үлесі 3,6 есе, тұз 5 есе азайтылған, көкөніс, жеміс-жидек пен сүт өнімдерінің үлесі арттырылған, мәзірден шұжық пен ысталған өнімдер алынып тасталған, тәтті сусындар суға ауыстырылған. Сондай-ақ ерекше диеталық қажеттілігі бар балалардың тамақтануына қойылатын талаптар белгіленген.

"Стандарт талаптарына сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан бастап инфляция деңгейін, орташа бағалар мен статистикалық деректерді ескере отырып, білім беру ұйымдарындағы тамақтану мәзіріне тарифтер бекітілді. Бұдан бөлек, Бюджет кодексі мен "Білім туралы" заңға сәйкес, тамақтандыру шығындары жергілікті бюджет есебінен жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге өңірлер экономикалық мүмкіндіктеріне қарай бұл шығындарды жергілікті бюджет есебінен арттыруға құқылы", – деп қосты Аида Балаева.