2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты

0
77

Инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі қамтамасыз етуді жалғастыруда.


2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты

ERNUR.KZ. 2026 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді, ал айлық баға өсімі 0,6%-ды құрады, бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен (2025 жылғы тамызда – 1%), деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Инфляцияның баялауына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп іске асырып жатқан бағаның өсуін тежеуге, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шаралары ықпал етуде.

Инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі қамтамасыз етуді жалғастыруда. Тамыз айының қорытындысы бойынша жылдық азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін баяулады (2026 жылғы шілдеде – 10,1%), ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі тек 2,1%-ды құрады (2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша), бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (9,5%) 7,4 пайыздық тармаққа төмен.

Мұндай нәтиже әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін 19-дан 31 түрге дейін кеңейтуді, оларға шекті 15% сауда үстемесінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізуді, өнімді емес тауар делдалдарын анықтауды және азайтуды, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуді әрі азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруды қамтитын шаралар кешені арқылы қамтамасыз етілді.

Бұл ретте жанар-жағармай нарығын кезең-кезеңімен либерализациялау және реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеруге мораторийдің аяқталуы сияқты факторларға қарамастан, жалпы инфляцияның баяулауы жалғасуда.