​2026 жылы автоматтандырылған «салық әмияны» іске қосылады

0
97

Ал «Калькулятор» қосымшасы салық төлеушіге онлайн-көмекші қызметін көрсетпек.


​2026 жылы автоматтандырылған «салық әмияны» іске қосылады

Фото: Алматы әкімдігі

ERNUR.KZ. Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында «салық әмияны» құралы қалай жұмыс істейтінін баяндады, деп жазады inform.kz.

— 2026 жылы заңды тұлғалар үшін Бірыңғай жеке кабинетте жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған «Салық әмиянына» ұқсас тетікті іске қосамыз. Салық төлеуші төлемдердің автоматты түрде шешілу түрін таңдай алады және есептен шығару басымдықтарын реттей алады, — деді ол.

Ал «Калькулятор» қосымшасы салық төлеушіге онлайн-көмекші қызметін көрсетпек. Бұл құрал оңтайлы ұйымдық-құқық туралы, салық салудың қолайлы режимі туралы, есептілік тізбесі мен тапсыру және төлеу мерзімдері туралы, өз міндеттемелерін тіркеу мен орындаудың түсінікті бағыты туралы пайдалы кеңес береді.