Бүгін елордада Парламент палаталарының кезекті бірлескен отырысы өтті.
Фото: Мәжіліс
ERNUR.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады inform.kz.
— Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, — деп жазылған Өкім мәтінінде.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елордада Парламент палаталарының кезекті бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласы «Digital by default» қағидатына негізделіп құрылатынын айтты.


