32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр

0
113

Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналының транзиттік учаскелерінде шағын ГЭС орнату мақсатында «Қазсушар» РМК жеке инвестормен меморандум жасасты.


32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. «Қазсушар» РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі бекітілген Жол картасы аясында кәсіпорын шағын ГЭС салуға арналған 32 нысанды іріктеп алды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын ГЭС салуға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар кәсіпорын тағы 23 жоба бойынша қажетті құжатты әзірлеу үшін есептеулер жүргізуде. Жол картасы аясындағы басым нысандар ретінде Қостанай облысындағы Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймалары, Жетісу облысындағы «Аяқ-Құншан» магистральдық каналы және Түркістан облысындағы Үлкен Келес магистральдық каналы айқындалды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналының транзиттік учаскелерінде шағын ГЭС орнату мақсатында «Қазсушар» РМК жеке инвестормен меморандум жасасты.

«Барлық жоба толық іске асырылған жағдайда «Қазсушар» РМК нысандарында өндірілетін электр энергиясының жалпы қуаты жылына 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі таңда кәсіпорынның балансында үш шағын ГЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.