35°C-қа дейін аяз: синоптиктер алдағы үш күннің ауа райына болжам жасады

0
478

10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.


35°C-қа дейін аяз: синоптиктер алдағы үш күннің ауа райына болжам жасады

ERNUR.KZ. Қазгидромет 9-11 жетоқсанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады sputnik.kz.

Синоптиктердің мәліметінше 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында қалып, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Осылайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды. Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығыс бағыттарына қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің 15-25 м/с күшеюін алып келеді.

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін болады деп болжанады.