40 градусқа дейін ысиды: Синоптиктер мамыр айында ауа райы қалай болатынын айтты

0
1 028

Мамыр айында атмосфералық процестер біртіндеп жазға қарай ауысады.


40 градусқа дейін ысиды: Синоптиктер мамыр айында ауа райы қалай болатынын айтты

ERNUR.KZ. Қазгидромет мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Stan.kz.

Мамыр айында атмосфералық процестер біртіндеп жазға қарай ауысады. Сондықтан, мамырда елімізде күн құбылмалы болады. Яғни, ауа температурасы жоғарылап, кейде төміндеуі де мүмкін. Ал түнгі уақытта, тіпті үсік жүруі ықтимал.

Сондай-ақ мамырда республиканың солтүстік жартысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын көбірек жауады деп күтіледі.

Cиноптиктер мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде +20+28°С дейін, оңтүстігінде +33°С-қа дейін жазғы ыстық ауа райы сақталатынын айтады. Кейін Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр, кей уақытта күшті, екпінді жел, дауыл, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кейіннен осындай ауа райы еліміздің басқа аудандарында да күтілмек.