Жуықта Lancaster Group Kazakhstan компаниясының акционерлері Берік Қаниев пен Юрий Пак қаһарман жігітке 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
ERNUR.KZ. Өрттен 48 адамды құтқарған Ержан Омархановқа кәсіпкерлер 4 бөлмелі пәтер сыйлады, деп жазады altaynews.kz.
Естеріңізде болса, былтыр Семейден Ресейдің Новосібір қаласына бет алған автобус өртеніп, Ержан ішіндегі 48 адамның аман-есен құтылуына мүмкіндік сыйлаған болатын.
Белгілі сайттардың жазуына сенсек, сол кезде Ержанның 270 мың рублі өртеніп кеткен екен. Ал Семей қаласы әкімдігі Ержанға 1 миллион теңге сыйақы берген болатын.
Жуықта Lancaster Group Kazakhstan компаниясының акционерлері Берік Қаниев пен Юрий Пак қаһарман жігітке 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
"Ержанның ерлігі үлкен құрметке лайық. Бастысы ол қашан да жақсылықтың өтеуі болатынынан түсінсін. Адамдарға деген кіршіксіз көңіліне кірбің түспесін. Алдағы уақытта оның грек-рим күресінен жастарды тәрбиелеп жүрген үйірмесіне де қолдау көрсетсек деген жоспарымыз бар" – деді Берік Қаниев пен Юрий Пак.