5 қазанда елдің солтүстігі мен шығысында қар жауады

0
81

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.


5 қазанда елдің солтүстігі мен шығысында қар жауады

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Қазақстанда 5 қазан күні кей аймақтарда жауын-шашын мен түнгі үсік күтіледі, деп жазады Azattyq Rýhy.

Күн райы болжамы: қар, жаңбыр және тұман

Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Алайда солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар түрінде аралас жауын-шашын күтіледі.

Сонымен қатар республика аумағында:

  • жел күшейеді;
  • түнде және таңертең тұман түседі;
  • оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл,
  • шығыста көктайғақ болуы ықтимал.

Кей өңірлерде үсік жүреді

Метеорологтар түнгі уақытта бірқатар облыстарда температураның минусқа дейін төмендейтінін ескертті.

1–3 градус аралығындағы үсік келесі аймақтарда күтіледі:

  • Жамбыл облысының батысы, солтүстігі және таулы аудандары;
  • Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігі;
  • Жетісу облысының солтүстігі мен орталығы.

Өрт қаупі сақталады

Кей өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Оның ішінде:

  • Батыс Қазақстан,
  • Атырау,
  • Ақтөбе,
  • Маңғыстау,
  • Қостанай,
  • Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтары.

Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Ұлытау және Алматы облысының солтүстік бөлігі бойынша да төтенше өрт қаупі бар.