5 мамырда Қазақстанның үш өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

0
96

Республиканың көптеген аймағында жел күшейеді.


5 мамырда Қазақстанның үш өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Фото: Azattyq Rýhy

ERNUR.KZ. 5 мамыр күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы синоптиктердің ауа райына қатысты ескертуінде айтылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен найзағайлы жаңбыр жауады, ал батыста жаңбыр қатты жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Елдің қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республиканың көптеген аймағында жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Акмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде -1°С-қа дейін үсік жүреді деп болжануда.

Синоптиктер ескерткен жоғары өрт қауіпі сақталатын өңірлер:

  • Қызылорда облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Алматы облысының солтүстігі мен орталығы;
  • Атырау облысының оңтүстігі;
  • Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі және шығысы;
  • Ұлытау облысының шығысы, оңтүстігі және орталығы;
  • Ақтөбе және Павлодар облыстарының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы;
  • Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы, орталығы және оңтүстігі;
  • Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы және оңтүстігі;
  • Ақмола облысының батысы мен оңтүстігі;
  • Жетісу облысының батысы, солтүстігі және оңтүстік-шығысы;
  • Абай облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі және орталығы.

Түркістан облысының шөлді өңірлерінде, сондай-ақ Қызылорда облысының шығысы мен орталығында ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.