"7-20-25" бағдарламасы 2029 жылға дейін созылуы мүмкін

0
497

"7-20-25" бағдарламасы 2018 жылы іске қосылған еді.


ERNUR.KZ. Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасын 2029 жылға дейін жалғастыру мәселесін талқылап жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство мәліметінше, президент сайлауалды тұғырнаманы іске асыру аясында "7-20-25" бағдарламасын 2029 жылға дейін жалғастыруды тапсырған.
"Қазіргі таңда Ұлттық банк үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жекелеген, соның ішінде қаржыландыру мәселесімен байланысты параметрлерді нақтылап жатыр", - делінген хабарламада.
Талқылау аяқталғаннан кейін қабылданған шешім жұртшылыққа жария етіледі.

Еске салсақ, "7-20-25" бағдарламасы 2018 жылы іске қосылған еді. Төрт жыл ішінде қолжетімді ипотека халық тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Бағдарлама аясында 1 триллион теңгеге несие беру жоспарланды. Қазір ақшалай лимиттің 811 млрд теңгеден астамы игерілді.