Бүгін Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдыманов жаңа қаулы шығарды.
ERNUR.KZ. Алматы облысында коронавирусқа байланысты жаңа қаулы шықты. Бұл қаулы 7 шілдеде бастап күшіне енеді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын»,- делінген Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдымановтың бүгін шыққан N13 қаулысында.
Сондай-ақ, қаулыда букмекерлік кеңселерінің қызметіне тыйым салынған.
«Қоғамдық көліктерде, таксилерде, әуежайларда, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекциялық өңдеуді жүргізу, қоғамдық көлік аялдамаларына күніне кемінде екі рет, қоғамдық көлікке әрбір рейс алдында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді жүргізу мендеттелді»,- делінген жаңадан шыққан қаулыда.