8 наурыз елімізде күн күрт суытады

0
2 411

Республика бойынша жел күшейіп, еліміздің солтүстік жартысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде найзағай ойнайды.


8 наурыз елімізде күн күрт суытады

ERNUR.KZ. Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, ел аумағының басым бөлігі әлі де Каспи теңізі ауданынан келген циклонының ықпалында болады, осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.

"Қазақстанның солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысы ғана антициклон жоталары әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанды"."Қазгидромет" РМК

Республика бойынша жел күшейіп, еліміздің солтүстік жартысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Сондай-ақ тұман және көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде қатты қар жауады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау және тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр болады.

"Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының орталығында, түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының тау асуларында өте қатты жел 30 м/с күтіледі", - деп жазылған хабарламада.

Астана қаласы:
көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз -2-4°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, кешке қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жаңбыр, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 8-13, түнде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз +13+15°С болады.