Оқушыны қағып, қашып кеткен жүргізуші табылды
фото:tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Рудныйда 9 жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды, - деп жазады tengrinews.kz.
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудныйдың ІІБ қызметкерлері жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Еске сала кетейік, осыған дейін Рудныйда жүргізушінің оқушы қызды қағып өлтіріп, жол апаты болған жерден жасырынғаны хабарланған болатын.
Kia Rio маркалы ақ түсті автокөліктің 39 жастағы жүргізушісі 9 жастағы оқушыны көлікпен қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен қыз жедел жәрдем келмей тұрып қаза тапты. "Жамандықты есте сақтамайтын" - Рудныйда көлік қағып кеткен қыздың анасы.