Абай облысында 15 жастағы қыз суға батып кетті

0
633

Құтқарушылар қыз баланың мәйітін алып шықты.


Абай облысында 15 жастағы қыз суға батып кетті

ERNUR.KZ. Абай облысында ересектердің қарауынсыз қалған бала суға батып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 маусымда Бесқарағай ауданында Стеклянка ауылында Ертіс өзенінде бала суға батып кетті.

2008 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, шомылуға болмайтын жерде суға түсіп, батып кеткен.

Құтқарушылар қыз баланың мәйітін алып шықты.