Абай облысында ауыл мектептеріне кадрлық резервтен 10 директор тағайындалды

0
89

Резервистер цифрлық басқару және заманауи білім саясаты бойынша арнайы дайындықтан өткен.


Абай облысында ауыл мектептеріне кадрлық резервтен 10 директор тағайындалды

фото: Абай облысының білім басқармасы

ERNUR.KZ. Абай облысында кадрлық резервтен 10 директор ауыл мектебіне тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.
Абай облысында кадрлық резервтен 10 директор ауыл мектебіне тағайындалды

Абай облысында бұл жобаға қатысқан жас мамандар білім беру ұйымдарының басқару ісіне тартылып отыр.

"2023 жылы өңірден 15 резервист анықталды. Олардың 13-і мектеп директоры болып тағайындалып, соның 5-еуі ауылдық мектептерді басқаруға жіберілді. Былтыр тағы 11 резервист іріктеліп, оның 9-ы директорлыққа тағайындалды. Солардың ішінде 5-еуі ауылдық мектептерге, біреуі "Келешек мектебіне" басшы болды", - дейді ведомство.

Осылайша, соңғы екі жылда облыстың 10 ауылдық мектебінде жас директорлар қатары толықты. Резервистер білім беру менеджменті, цифрлық басқару және заманауи білім саясаты бойынша арнайы дайындықтан өтіп, кәсіби дағдыларын жетілдірді.

Жоба ауылдық мектептердің кадрлық әлеуетін күшейтіп, басқару сапасын арттыруға және жаңа идеяларды енгізуге жол ашып отыр, дейді білім басқармасының баспасөз қызметі.