Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
ERNUR.KZ. Абай облысында Орлов шахтасында тау массасы құлап, бір жұмысшы қайтыс болды, тағы біреуі зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.
"19 қыркүйекте сағат 14:20 шамасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын ала себеп — тау массасының құлауы. Алған жарақаттарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екіншісі үйіне жіберілді", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.
"Kaz Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов шахтасына барды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетеді", - деп атап өтті компания.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Тергеу Абай облысы полиция департаментінің бақылауында.
КAZ Minerals Limited – Қазақстанда мыс, мырыш, алтын және күміс өндіретін заманауи компания.