​Абай облысында биыл 700 азамат үйлі болмақ

0
229

Облыс көлемінде тұрғыүй кезегіне тұрғандардың саны 20 мыңға жуық .


​Абай облысында биыл 700 азамат үйлі болмақ

Биыл Абай облысы өңірінде 700-ге жуық отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Баспана мәселесі елімізде қашанда өзекті. Ол үшін әр өңірдегі өзектілік бойынша да, республика көлемін де қамтитын қолжетімді баспана бойынша түрлі бағдарламалар қарастырылып, іске қосылып, нәтижесін де беріп жатыр.

Биылғы жылдың 1 наурызындағы деректерді қарайтын болсақ, облыс көлемінде тұрғыүй кезегіне тұрғандардың саны 20 мыңға жуық (Абай облысы әкімдігінің дерегіне сәйкес нақтысы – 19 336 адам кезекте тұр) екен. Оның ішінде тек Семей қаласы бойынша 14 мыңнан асып отыр. Бұл дегеніміз өткен 2023 жылмен салыстырғанда кезек саны 365 адамға өсті деген сөз.

Жекелей алғанда Абай облысы бойынша үй кезегіне тұрғандар саны әртүрлі әлеуметтік топ бойынша есебі белгілі. Оның ішінде жетім балалар - 2819, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар – 7236, көпбалалаы отбасылар – 2466, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер арасында – 6669, үйлері апаттық жағдайда деп танылған азаматтар – 146 адам баспана кезегінде тұр.

Айта кету керек, өткен жылы Абай облысында мемлекеттік тұрғынүй қорынан 695 азаматқа баспана берілген болатын.

Ал биылғы жылы 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Абай облысына қарасты Аягөз ауданында баспана кезегінде тұрған 28 отбасы қоныс тойын тойлады. Аталған баспана мемлекеттік тұрғынүй қорынан Аягөз қаласында жаңадан соғылған берілген болатын.

Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында, Тәуелсіздік күніне қарсы Жарма ауданында салынған жаңа үйлер падалануға беріліп, 30 пәтер көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға табысталған болатын. Аталған ауданда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасы бойынша қарқынды жұмыс атқарылып жатқанын хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.