Абай облысында қар борап тұр: полиция өңір тұрғындарына үндеу жасады

0
256

Полиция жүргізушілерді алыс жолға шықпауға шақырды.


Абай облысында қар борап тұр: полиция өңір тұрғындарына үндеу жасады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Абай облысында қар борап, ауа райы құбылып тұр. Полиция департаменті өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Абай облысының Полиция департаменті жүргізушілер мен өңір тұрғындарын қолайсыз ауа райына байланысты мынаны хабардар етеді:

«Облыс жолдарында қар жаууына және көріну қашықтығының төмендеуіне байланысты көлік қозғалысында қиындықтар туындауы мүмкін.
Жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, жылдамдық режимін, ара қашықтықты сақтауға, кенеттен маневр жасаудан бас тартуға және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауға шақырамыз», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.