28 жастағы азамат рұқсат қағазы болмаса да қасқырды атып, Жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзған.
ERNUR.KZ. Абай облысының Көкпекті ауданында қасқыр атып алған ер адамға айыппұл салынды, деп жазады baq.kz.
28 жастағы азамат рұқсат қағазы болмаса да қасқырды атып, Жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзған.
Бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы болып, экологияны қорғауға арналған нормаларды бұзу болып саналады. Құқық қорғау органдары дереу шара қолданды. Азаматқа әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес рұқсатсыз аң аулағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.


