Абай облысында өзенде ойнап жүрген 5 жасар бала мұз астына түсіп кетті

0
880

Қазіргі сәтте іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Абай облысында өзенде ойнап жүрген 5 жасар бала мұз астына түсіп кетті

ERNUR.KZ. Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жатыр azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 22 желтоқсан 12:54-те Үржар полиция бөлімінің "102" арнасына учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түскен.

«Таскескен ауылында балалардың бірі мұз астына түсіп кеткені хабарланды. 5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен», - делінген хабарламада.

Осы сәтте екінші бала ересектерге көмек сұрауға жүгіреді. Куәгерлер өздерінің учаскелік инспекторына қоңырау шалады. Ол дереу оқиға орнына барып, құтқарушыларды шақырады.

«Баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақтағы су қоймаларында мұздың қалыңдығы қазір 3 см-ге жетпейді», - делінген хабарламада.