Жұмысшылар тасымалдайтын лифт жылдамдықпен келе жатып, бірден тоқтаған.
фото: ERG
ERNUR.KZ. Абай облысындағы Орлов шахтасында 6 шахтер зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 1 шілдеде болған. Орлов шахтасында жұмысшылар тасымалдайтын лифт жылдамдықпен келе жатып, бірден тоқтаған. Салдарынан шахтаның алты жұмысшысы зардап шекті.
Жұмысшылар денсаулық сақтау пунктіне медициналық көмекке жүгінді. Үшеуінің денесінде жеңіл көгеру диагнозы қойылды, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емге жіберілді.
"Тағы үш жұмсышы Семей қаласындағы ауруханада қосымша тексеруден өтті. Оның қорытындысы бойынша оларға жеңіл дәрежедегі көгерулер диагнозы қойылды", - дейді KAZ Minerals Корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.
Шахтерлердің барлығы амбулаториялық емге жіберілген.


