Абай облысында шаңғышы боран кезінде орманда жоғалып кеткен

0
136

Күтпеген жерден басталған боран салдарынан ер адам бағытынан адасып, орманда қалып қойған.


Абай облысында шаңғышы боран кезінде орманда жоғалып кеткен

видео кадры

ERNUR.KZ. Абай облысында шаңғышы боран кезінде орманда жоғалған. Бұл туралы полицейлер айтты, деп жазады tengrinews.kz.

22 қаңтарда 102 пультіне әйел адам қоңырау шалып, Павлодар тасжолы маңында шаңғымен серуендеу кезінде күйеуі жоғалып кеткенін жеткізген.

Оның айтуынша, күтпеген жерден басталған боран салдарынан ер адам бағытынан адасып, орманда қалып қойған. Онымен байланыс үзілген және ол орманнан өз бетімен шыға алмаған.

Шақырту бойынша оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жіберілді. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, олар орманда іздестіру жұмыстарын бастады. Қалың боран мен жүріп өтуге қиын аумақтарға қарамастан, полицейлер 10 шақырымнан аса жолды жүріп өтті. Қардың үстінен шаңғы іздерін байқаған полиция қызметкерлері сол іздерді бойлай, іздестіру жұмыстарын сәтті аяқтап, семейлік ер адамды тапты.

"Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық болды, оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Ол полицейлерге шын жүректен алғыс айтты", - деп жазылған хабарламада.