Абай облысында суға батып кете жаздаған екі бала құтқарылды

0
572

Балалар Бородулиха орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.


Абай облысында суға батып кете жаздаған екі бала құтқарылды

ERNUR.KZ. Абай облысында суға батып кете жаздаған екі бала құтқарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 17 шілдеде сағат 18:12-де «112» пультіне Бородулиха ауданында екі бала судан құтқарылды деген ақпарат келіп түскен.

«Ақпарат жинау барысында 2014 және 2015 жылы туған балалар Веселовский тоғанында шомылу кезінде суға бата бастағаны анықталды, кейін оларды оқиға куәгері Бердюгин Сергей Михайлович құтқарып, 103 қызметкерлеріне тапсырды», - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін балалар Бородулиха орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

ТЖД азаматтардан өте мұқият болуды, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтауды сұрайды:

  • мас күйде шомылмаңыздар;
  • балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар;
  • жалғыз шомылудан аулақ болыңыздар;
  • шомылмаңыздар, тіпті бейтаныс су қоймаларында шомылмаңыздар (белгісіз тереңдік, тастар, ағаштар қауіптің көзі болуы мүмкін);
  • шектеу белгілерінен, буйкалардан асып жүзбеңіздер;
  • ауа төсеніштері мен автомобиль камераларында шомылмаңыздар;
  • кемелерге жақындамаңыздар.

Егер сізге қауіп төніп тұрса немесе жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.