Абай облысында түрме аумағына 2 кг гашиш тастамақ болған ер адам ұсталды

0
209

Бір аптада 29 адам қамауға алынып, 110 келіден астам есірткі тәркіленді.


Абай облысында түрме аумағына 2 кг гашиш тастамақ болған ер адам ұсталды

© Photo : Павлодар облыстық полиция депаратаменті

Қазақстанның бірнеше қалалары мен облыстарында жүргізілген операциялар нәтижесінде соңғы аптада 110 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz. сілтеме жасап.
Алматыда 26 жастағы ер адам көлігімен 2,5 кг мефедрон, 50 грамм кокаин және 30 грамм "экстази" есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды.
Сондай-ақ бір келіге жуық мефедрон мен 20 грамм кокаинды автокөлікпен тасымалдаған екі адам ұсталды.
"Бұдан басқа Абай облысында 27 жастағы ер адам түрме аумағына салмағы 2 кг болатын алты орам гашиш тастамақ болған. Астанада 27 жастағы ер адам 10 келіден астам гашиш пен 265 грамм марихуана сақтаған. Ол есірткіні Telegram арқылы сатып алған", - дейді ІІМ.

Бір аптада 29 адам қамауға алынып, 110 келіден астам есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 78 келіден астам синтетика, 9 кг гашиш, 22 кг марихуана және 68 грамм кокаин бар.