Абай облысында жүкті әйелдерге әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуге арналған пансионат ашылды

0
119

Пансионат құрудың мақсаты – шалғайдағы және жету қиын елді мекендердегі әйелдердің жүктілік және босану қауіпсіздігін қамтамасыз ету, асқыну қаупін, сондай-ақ ана мен бала өлімінің деңгейін төмендету.

Абай облысында жүкті әйелдерге әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуге арналған пансионат ашылды

ERNUR.KZ. Абай облысында әлеуметтік-медициналық қолдауға мұқтаж жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды. Жаңа нысан ҚР Президентінің ана мен бала денсаулығын сақтау жүйесін нығайту және шалғай өңірлердегі әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құрылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Пансионат облыстық перинаталдық орталық базасында орналасқан және 20 төсек--орынға есептелген. Мұнда ауылдық жерлерден келген болашақ аналар жайлы жағдайда уақытша тұруға, қажетті зерттеп-қараулардан, дәрігерлердің консультацияларынан, сондай-ақ мамандардың тұрақты бақылауымен босануға дайындықтан өтуге мүмкіндік алады.