Адамның мазасын алғаны үшін 90 күнге дейін қамайды - бас прокуратура

0
145

Сталкинг кезінде адамға қасақана аса ауыр дене жарақаттары келтірілсе, Қылмыстық кодекстің басқа баптары да қолданылады.


Адамның мазасын алғаны үшін 90 күнге дейін қамайды - бас прокуратура

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев сталкинг үшін енгізілетін жаза туралы айтып берді, деп жазады sputnik.kz.

Шындалиевтің айтуынша, адамның мазасын алу, ізіне түсу, желіде және көшеде аңду, телефон нөмірін сұрау сияқты әрекеттер сталкинг ретінде қарастырылады.
"Сол үшін заңға жауапкершілікті енгізіп жатырмыз. Себебі сталкингтен кейін ауыр қылмыстар жасалады. Соның алдын алу үшін жазаны қарастырдық. Ал сталкинг кезінде адамға қасақана аса ауыр дене жарақаттары келтірілсе, Қылмыстық кодекстің басқа баптары да қолданылады", - деді Шындалиев сенаттың бүгінгі отырсында.
Оның сөзіне қарағанда, сталкинг үшін үш айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы болады.
"Сталкинг үшін айыппұл бар. Сосын 90 күнге дейін қамауға алу жазасы қарастырылған", - деді бас прокурордың орынбасары.
Айта кетері, бұған дейін мәжілісте сталкинг үшін 200 АЕК (786 400 теңге - 2025 жылда) көлемінде айыппұл, түзеу жұмыстары және 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды енгізу мәселесі талқыланған болатын. Сондай-ақ, 50 тәулікке дейін қамау жазасын енгізуге ұсыныс болған.