Адвокат қаңтар оқиғасы туралы: ҰҚК президенттен кек алғысы келген

0
600

​Aqiqat қоғамдық комиссиясы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарды бірнеше топқа бөлді.


Адвокат қаңтар оқиғасы туралы: ҰҚК президенттен кек алғысы келген

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасына ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қатысты. Бұл туралы Aqiqat қоғамдық комиссиясының жетекшісі, адвокат Айман Омарова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Заңгердің ойынша, комитет қызметкерлері президенттен ұлттық қоғамдық кеңес пен саяси реформалар іске асырғаны үшін кек алғысы келген.
"Президент адам құқықтары мәселесіне ерекше мән берді. ҰҚК үшін шексіз биліктен айырыла бастады, олар жағдайдың бақылаудан шығып бара жатқанын түсінді. Содан бейбіт митингтерді жеке мүддесі үшін пайдаланып кеткен шығар. "Бейбіт жиналыстар туралы" заңға да өзгерістер енгізілгенін жақсы біледі. Ондай жиындарды өткізу үшін ескерту жасаса да жеткілікті", - деді Омарова мәжілістің жалпы отырсында.
Осы орайда заңгер билікті күшпен басып алу әрекеттерінің болғанын еске салды. Ол адамдар бейбіт митингтерге әдейі қозғау салуы да мүмкін. Ұйымдастырушылар Маңғыстау тұрғындарының наразылыққа шығатынын білген.
"Халық 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін Маңғыстаудағы митингтерге қатты алаңдайды. Билік пен құқыққорғау органдарының назары сол жақта болды. Технологтар бұның бәрін алдын ала білген", - деп атап көрсетті Омарова.
Aqiqat қоғамдық комиссиясы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарды бірнеше топқа бөлді:
бейбіт митинг өткізгендер;
тәртіпсіздік жасаған ұйымдасқан топтар;
адамдарды жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға мәжбүрлеп қорқытатын топтар;
бағыт-бағдарды басқарған адамдар;
басып алумен айналысатын тәжірибелі және арнайы дайындықтан өткен топтар.
Адвокаттың айтуынша, соңғы топқа құқыққорғау органдары мен арнайы құрылымдардың қызметкерлері де кірген болуы мүмкін.