Бұған дейін Қазақстанда салынатын АЭС құрылысына бірнеше ел қатысатынын хабарлаған едік.
ERNUR.KZ. АЭС форматына қатысты түбегейлі шешім 2023 жылы қабылданады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
Оның атап өтуінше, келесі жылы АЭС құрылысына қатысты түпкілікті шешім қабылданады.
«2023 жылы бірыңғай блоктың форматы, құрылысы, орны, қуаты және қаржыландыру шарттары бойынша түпкілікті шешім қабылданады деп айтуға болады. Алаңды жобалау, дайындау, инженерлік іздестіру жұмыстары басталады. Құрылыс жобалық жұмыстар аяқталғаннан кейін басталады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін Қазақстанда салынатын АЭС құрылысына бірнеше ел қатысатынын хабарлаған едік.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердымұхамедов кездесіп жатыр.